Қазақстандықтар 2025 жылдың ақпанында қанша күн демалады?

2025 жылдың ақпан айында қазақстандықтарды 20 жұмыс және 8 демалыс күн күтеді. Демалыс күндерін қаншалықты қызықты және пайдалы өткізуге болатынын алдын ала жоспарлауға көмектесетін ыңғайлы ай күнтізбесін сақтап ал.

АА
Арайлым Ақан
15 января 2025

Қазақстандықтарды ақпанда
Pexels: Сергей Терентьев
Қазақстандықтар 2025 жылдың ақпанында қанша күн демалады?

Pexels: Сергей Терентьев

Ақпан – жылдың ең қысқа айы. Қыстың соңғы айы Қазақстанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары демалыс күндері ғана демалады.

2025 жылдың ақпан айындағы демалыс күндер

Ақпан айындағы демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты болады: бес күндік жұмыс істейтіндердің сегіз демалыс күні, ал аптасына алты күн жұмысқа баратындарда төрт күн ғана болады.

Ақпан айында аптасына бес күн жұмысқа баратын қазақстандықтар үшін демалыс күндерінің кестесі келесідей болады:

  • 1, 8, 15 және 22 ақпан – сенбі;
  • 2, 9, 16 және 23 ақпан – жексенбі.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері тек жексенбі болады. Сенбі олар үшін жұмыс күні болып қала береді:

  • 2, 9, 16 және 23 ақпан.

2025 жылдың ақпан айындағы кәсіби мерекелер мен атаулы күндер

Ресми мерекелердің жоқтығына қарамастан, ақпан айында Қазақстанда атап өтілетін кәсіби және атаулы күндер бар:

  • 1 ақпан – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні;
  • 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні;
  • 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күн.

Фото: Pexels

Дереккөз: TengriNews

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше