
Жұмыс сенің эмоционалды және физикалық күйіңе жаман әсер етуі мүмкін. Төменде Жұмысыңның дансаулыққа зиян тигізіп жатқанының 5 негізгі белгісі жазылған.
Сен көп мазасызданасың
Әріптестеріңмен қаншалықты жиі сөзге келесің? Мүмкін сен жарақаттар жиі алатын өндірісте жұмыс істейтін шығарсың? Немесе қателесемін және ол үшін тым көп ақша төлеуге тура келеді деп үнемі уайымдайсың ба? Жұмыстағы шамадан тыс мазасыздық қандай болса да, ерте ме, кеш пе сенің физикалық және психикалық денсаулығыңа әсер етеді. Бұл орын алған кезде, қалпыңа келу үшін тым көп уақыт керек.
Сен достарың мен туыстарыңа ашуланасың
Көбінесе жұмысы қиын адамдар оны кешіретіндерге ашуын көрсетеді. Мүмкін сен де солай істейтін шығарсың. Бірақ, сені жақсы көретіндер мен құрметтейтіндер де ерте ме, кеш пе бұдан шаршайды. Мұны ескеріп, жұмыс пен үйдің ара-жігін ажыратып ал.
Ұйқысыздық сені мазалап жүр
Сен жұмыс туралы ойлағандықтан қаншалықты жиі ұйықтай алмайсың? Мүмкін жұмыс күні қайта-қайта түсіңе кіретін шығар? Олай болса, үзіліс жасайтын уақыт келді. Демалысқа барып, жұмыстан үзіліс ал. Толық демалуға уақыт бөл және жұмысыңның маңыздылығы туралы ойлан. Мүмкін ұзақ уақыт өзгерістерге дайын болдың, бірақ оны түсінбедің.
Сенің жұмысың бағаланбайды
Әрине, сен күнделікті көп уақыт бөлетін жұмысың бағаланғанын қалайсың. Бірақ егер өзіңді және ұйымның дамуына қосқан үлесіңді бағаламайтындарын түсінсең, мотивация деңгейі айтарлықтай төмендейді. Мүмкін қазір солай болып жатқан шығар және әр жаңа жұмыс күнінде шаршап жүрген боларсың. Ендеше, өмірдегі оң өзгерістердің уақыты келді. Алдымен басшылықпен көңіліңнен шықпайтын нәрселер туралы сөйлес. Егер бір мәмілеге келе алмасаңдар, жаңа жұмыс орнын ізде.
Сен жолға көп уақыт жұмсайсың
Мүмкін үлкен мегаполисте тұрасың және кеңсеге жету үшін күн сайын бір сағаттан артық уақыт жұмсайтын шығарсың. Алғашында бұл сені алаңдатпауы мүмкін, бірақ ерте ме, кеш пе, алыс жолдың шаршататынын сезесің. Автобуста немесе рөлде ұзақ уақыт отырғанның кесірінен арқа мен мойын ауруы, сондай-ақ себепсіз шаршау пайда болуы мүмкін.
Фото: Unsplash