2025 жылға арналған жұлдыз жорамал

2025 жылдың 2024-тен айырмашылығы – қызықты астрологиялық оқиғаларға және аспандағы жұлдыздардың керемет бұрылыстарына өте бай. Осы жылға арналған жұлдыз жорамалды сақтап ал.

АА
Арайлым Ақан
14 января 2025

2025 жұлдыз жорамал
Pexels: Hristo Fidanov
2025 жылға арналған жұлдыз жорамал

Pexels: Hristo Fidanov

Тоқты

Тоқты, жылдың бірінші жартысында сенде 2024 оқиғалары жалғасады, өйткені Тоқты белгісіндегі тұтылу циклі әлі аяқталған жоқ. Сен соңғы бір жарым жыл бойы айналысқан ісіңді аяқтайсың. Бұл мансап, жеке өмір немесе денсаулық мәселелері болуы мүмкін. Ең бастысы – артқа бұрылма және көздегеніңнен бас тартпа, сен барлығын аяқтауға жақынсың!

Торпақ

Торпақ, кішкентай қадамдармен сен тұрақтылық және жайлылық аумағына кіресің — бірнеше жылдан бері болмаған жер, сондықтан жолды да ұмытып қалған боларсың. Барлық шиеленістерден кейін сенің өмірің біртіндеп таныс бағытқа енеді. Бұл саған ерекше, тіпті, оғаш болып көрінеді – соңғы екі-үш жылда сен әртүрлі құлдырау мен жағымсыз тосын сыйларға үйреніп алдың.

Егіздер

Егіздер, егер сен өткен жылы Юпитердің сыйлықтарын жіберіп алсаң, қазір өзіңнің үлесіңді ұмытып кетпе. Бірінші жартыжылдықта бақыт планетасы сенің белгің бойынша қозғалуды жалғастырады және саған мыналарды сыйлайды: жағдайлардың сәтті үйлесуі, қажетті таныстар, әл-ауқаттың өсуі және танымалдылығың, жаңа мансаптық мүмкіндіктер, өз отбасыңды құру. Бәрін тізімдеу мүмкін емес.

Шаян

Шаяндар, сендер үшін жыл бойына созылған жайлылық аймағында болу аяқталды. 2025 жылы сені қиындықтар, өзгерістер мен құмарлықтар күтіп тұр — бұл туралы қаламасаң да. Жылдың басы ең өткір болады — сенің белгіңдегі Марстың ретроградтық ілмегіне байланысты. Марс – кикілжіңдер, еңбек және спорт планетасы, сондықтан сенің күнделікті өміріңе осы заттардың барлығы қосылады. Сен біріншісін, екіншісін де, үшіншісін де жақсы көрмейсің.

Арыстан

Арыстандар, жылдың басы сен үшін тыныш өтеді – Жұлдызнаманың басқа өкілдерінен айырмашылығы, сен ретро Марстан алыстайсың. Бірақ, айналаңдағылармен оңай болмайды және сенің ыстық жүрегің мен салқынқандылығың қажет болуы мүмкін.

Бикеш

Бикештер, сен үшін 2025 жыл қандай болатыны алдыңғы екі жылды қалай өткізгеніңе байланысты. Себебі осы 2 жылда Сатурн (бастық, судья, прокурор ғаламшар) саған қысым көрсетті. Ол сені байсалдылыққа, тәуелсіздікке, іштегі жігердің болуына, өз міндетін орындау және жауапкершілікті өз мойнына алу қабілетіне тексерді. Егер осы тексерістерден сәтті өтсең, онда жылдың соңына қарай қоғамдағы мәртебені көтеруге немесе жылжымайтын мүлікке байланысты лайықты марапатқа ие боласың. Мысалы, біреу үшін бұл басшылық лауазымға шақыру, жоғарылату, тіпті беделді мамандыққа ауысу болады. Ал біреу үшін – пәтер, үй, жер сатып алу.

Таразы

Таразы, сенде биыл Тоқтыға ұқсас жағдай. Көктемде сенің белгің бойынша тұтылу циклі аяқталады, бұл саған соңғы екі жылдың белгілі бір өнімін әкеледі. Жылдың алғашқы 3 айы эмоционалды және күтпеген жағдайларға толы болады, шыдамды бол. Күрес пен бәсекелестік, әділеттілік пен тепе-теңдік тақырыптары – ұжымда да, жақындарымен қарым-қатынаста да алдыңғы қатарға шығады.

Сарышаян

Сарышаян, сен — жұлдызнаманың аз ғана өкілдерінің бірі сияқты 2025 жылы аспанда болатын барлық қауіпті конфигурациялардан аулақ бола аласың. Өзіңнің «өмір мектебіңді» сәл ертерек аяқтадың деп айтуға болады. Енді жақсы аттестатпен шетте тыныш қана тұрған дұрыс.

Мерген

Мерген, сенде бірінші жартыжылдық 2024 жылдың үрдістерін жалғастыруда: бәрі әлі де сен қалағандай емес, жолда кедергілер көп кездеседі. Осы кезеңде көптеген күйзелістер мен көңілсіздіктердің нәтижесі саған үлкен үміттер мен талаптар әкелуі мүмкін: өзіңе де, жалпы әлемге де. Егіздермен қарым-қатынас әсіресе нашарлауы мүмкін. «Маған бәрі керек» немесе «Бәрі мен ойлағандай болуы керек» деген позицияны ұстанбауға тырыс.

Тауешкі

Жаңа жылда Тауешкілерге Шаян белгісі қатты әсер етеді. Бір жағынан, бұл жылдар бойы жалғасып келе жатқан кикілжіңнің аяқталуы болуы мүмкін.  Екінші жағынан, шынайы ғашық болатын екінші жартыңды кездестіру мүмкіндігі артады. Өйткені қарама-қайшылықтар, есіңде болсын, артта қалады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар, сен үшін 2025 жыл — Уран (сенің басқарушы планетаң) жеті жыл бойы болған Торпақтан Егіздерге ауысатын бетбұрыс жылы. Бұл нені білдіреді? Алдыңғы жеті жыл ішінде Уран саған өзінің ең жаман жағын көрсетті: жоспарларың мен үміттеріңді бұзды, жеке өмірің мен мансабыңда күйзелістер тудырды, кейін өкінген оғаш істерге итермеледі. Енді барлығы оңала бастайды.

Балықтар

Балықтар, сенің жылың әртүрлі көңіл-күйлерге, шытырман оқиғаларға және қиындықтарға толы болады. Бірінші жартыжылдықта Сатурн (Ккрма планетасы) және Нептун (ғажайыптар планетасы) сенің белгіңмен жүруді жалғастырады. Сондықтан екеуі де көп болады. Сатурн саған байсалдылық пен өсу сабақтарын ұсынады, жинақталған карманы қайтарады. Бұл процесс 2023 жылдан бері жалғасып келеді және 2025 жылдың аяғында аяқталады. Әдетте, Сатурн бір нәрседен бас тартуға, бір нәрседе өзін шектеуге мәжбүр етеді.


Фото: Pexels

Дереккөз: Рамблер

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше