Аружан Жазылбекова жүктілігі туралы алғаш рет ашық айтты

Қазақстандық танымал актриса Аружан Жазылбекова алғашқы жүктілігі қалай өткенін айтып, болашақта тағы бала сүйгісі келе ме деген сұраққа жауап берді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 18 декабря 2025, 12:45
Аружан Жазылбекова
Instagram: @arujazz

Аружан «Сұрақ-жауап» айдарында жүктілік кезіндегі жағдайы туралы бөлісті.

«Өзімді белсенді, сергек жүкті әйел боламын деп ойладым. Алайда іс жүзінде жүктіліктің көп бөлігінде жатып, әбден әлсіреп жүрдім», –

деп мойындады актриса

Оның айтуынша, үнемі жүрегі айнып, тіпті көрші көшелердегі дәмханалардан шыққан ас иісін сезетін болған.

Актриса қызының өсіп, өзін жақсы сезініп жүргенін де атап өтті. Аружан балалар – үлкен бақыт екенін, алайда ол бақыт оңайлықпен келмейтінін жасырмады.

«Перзентханада өткізген алғашқы күндері эйфорияда жүрдім. Барлығы өте жеңіл әрі оңай көрінді. Тіпті келесі күні-ақ екінші баланы дүниеге әкелуге дайын сияқты күйде болдым. Күш-қуатым тасып тұрды. Кейін білдім, ол гормондардың әсері екен», –

деді ол.

Босанғаннан кейінгі қиындықтарды актриса үйіне оралған соң сезіне бастаған.

«Туған-туыстар мен достар барынша көмектесіп жатыр, бірақ, Құдайым-ау, бұл сондай қиын!»,

– деп ағынан жарылды «Үшеуге арналған той» фильмінің жұлдызы.
Аружан Жазылбекова жүктілігі туралы алғаш рет ашық айтты
Instagram/stories: @arujazz

Еске сала кетейік, 11 қараша күні Аружан алғаш рет ана атанды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше