Жаңа жылды қазақстандықтар 31 желтоқсанда қарсы алады. Алайда бұл күн жұмыс күні болып саналады. Ал 1 және 2 қаңтар – ресми мереке күндері. Сонымен қатар 3 пен 4 қаңтар сенбі және жексенбіге сәйкес келеді.
Осыған байланысты, бес күндік жұмыс аптасы үшін 1, 2, 3 және 4 қаңтар аралығында төрт күн қатарынан демалыс болады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін қаңтардың басында үш күн демалыс қарастырылған.
5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері. Одан кейін 7 қаңтарда православ христиандарының Рождество мерекесіне орай қосымша демалыс күні беріледі.
Осылайша, 2026 жылдың қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтарды жалпы бес мереке күні және қосымша жеті демалыс күні күтеді.
Фото: Pexels
Дереккөз: Zakon.kz