2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар неше күн демалады

2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар екі бірдей мерекені атап өтеді. Олар – Жаңа жыл және Рождество.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 23 декабря 2025, 13:21
2026 демалыс қаңтар
Pexels: Gabriel Mihalcea

Жаңа жылды қазақстандықтар 31 желтоқсанда қарсы алады. Алайда бұл күн жұмыс күні болып саналады. Ал 1 және 2 қаңтар – ресми мереке күндері. Сонымен қатар 3 пен 4 қаңтар сенбі және жексенбіге сәйкес келеді.

Осыған байланысты, бес күндік жұмыс аптасы үшін 1, 2, 3 және 4 қаңтар аралығында төрт күн қатарынан демалыс болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін қаңтардың басында үш күн демалыс қарастырылған.

5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері. Одан кейін 7 қаңтарда православ христиандарының Рождество мерекесіне орай қосымша демалыс күні беріледі.

Осылайша, 2026 жылдың қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтарды жалпы бес мереке күні және қосымша жеті демалыс күні күтеді.

2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар неше күн демалады
Фото: Zakon.kz

Фото: Pexels

Дереккөз: Zakon.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше