Ернар Айдар жақында өмірден озған әкесі жайлы айтты

Қазақстандық әнші Ернар Айдар өткен жылдың желтоқсан айында аяқ асты қайтыс болған әкесіне әлеуметтік желіде әсерлі жазба арнаған болатын.

АА
Арайлым Ақан
29 января 2025

Ернар Айдар
Instagram: @ernaraidar_kz
Ернар Айдар жақында өмірден озған әкесі жайлы айтты

Instagram: @ernaraidar_kz

Ернар марқұм әкесімен бірге түсірілген ән кештеріндегі видео жазбалардың үзінділерімен бөлісті және асқар тауына деген сағынышын жеткізді.

«Жаным әке... Барлық жұмыстарымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің, артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді»,

деп бөлісті ол.

Әртіс қайғылы жағдайды өте қиын қабылдап жатқанын мойындады.

«Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет» – әке маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанамын кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау! Әкешім, сағындым сізді»,

деп жазды Ернар.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше