Қазақстандық Tik Tok-блогер апатқа ұшырады

A
aigerakain
14 ноября 2023

Қазақстандық Tik Tok-блогер апатқа ұшырады
Unsplash: Karl Hörnfeldt

Апат 12 қарашада Жамбыл ауданында «Ұзынағаш — Құрты» автожолында орын алған.

Алматы облысы ПД хабарлағандай, 20 жастағы блогер Mercedes автокөлігін айдап келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota автокөлігіне соғылған.

Апаттан кейін Диас дереу ауруханаға жеткізілді, ол қазір жан сақтау бөлімінде. Блогердің досы да көлікте болған, ол апат болған жерде алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелген — ЖКО кезінде адамның қайтыс болуы»,

деп хабарлады полиция.

Фото: Unsplash

Ақпарат көзі: Ulys Media

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше