
Instagram: @ernaraidar_kz
Ернар марқұм әкесімен бірге түсірілген ән кештеріндегі видео жазбалардың үзінділерімен бөлісті және асқар тауына деген сағынышын жеткізді.
«Жаным әке... Барлық жұмыстарымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің, артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді»,
деп бөлісті ол.
Әртіс қайғылы жағдайды өте қиын қабылдап жатқанын мойындады.
«Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет» – әке маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанамын кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау! Әкешім, сағындым сізді»,
деп жазды Ернар.
Фото: Instagram