17 желтоқсанда Жансая Әбдімәлік Instagram Stories-те алдымен жолдасы, кәсіпкер Нұрахмет Нұриев сыйлаған раушан гүл шоғын көрсетті.
Одан кейін 25 жастағы шахматшы күйеуімен бірге түскен сирек кадрларды, оның ішінде үйлену тойынан фотоларды да жариялады.
«Отау құрған күнімізбен!», –
деп жазды Жансая.
Айта кетейік, 2025 жылдың 8 тамызында Жансая Әбдімәлік жүкті кезіндегі фотосын жариялап, жанкүйерлерін қуантқан еді. Оқырмандары сурет қыста түсірілген болуы мүмкін деп болжап, шахматшының ана атанғанын айтып, құттықтауларын жаудырды. Ал 10 тамызда Жансая расында да бұл ақпаратты растап, барша құттықтаулар мен жылы лебіздер үшін алғысын білдірді.
Фото: Instagram