Жансая Әбдімәлік отбасы үшін маңызды күнде күйеуімен түскен суреттерін жүктеді

Жеке өмірі туралы көп айта бермейтін танымал қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік жуырда отбасылық суреттерімен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 19 декабря 2025, 14:00
Жансая Әбдімәлік
Instagram: @zhansaya_abdumalik

17 желтоқсанда Жансая Әбдімәлік Instagram Stories-те алдымен жолдасы, кәсіпкер Нұрахмет Нұриев сыйлаған раушан гүл шоғын көрсетті.

Жансая Әбдімәлік отбасы үшін маңызды күнде күйеуімен түскен суреттерін жүктеді
Instagram/stories: @zhansaya_abdumalik

Одан кейін 25 жастағы шахматшы күйеуімен бірге түскен сирек кадрларды, оның ішінде үйлену тойынан фотоларды да жариялады.

«Отау құрған күнімізбен!», –

деп жазды Жансая.

Айта кетейік, 2025 жылдың 8 тамызында Жансая Әбдімәлік жүкті кезіндегі фотосын жариялап, жанкүйерлерін қуантқан еді. Оқырмандары сурет қыста түсірілген болуы мүмкін деп болжап, шахматшының ана атанғанын айтып, құттықтауларын жаудырды. Ал 10 тамызда Жансая расында да бұл ақпаратты растап, барша құттықтаулар мен жылы лебіздер үшін алғысын білдірді.

Жансая Әбдімәлік отбасы үшін маңызды күнде күйеуімен түскен суреттерін жүктеді
Instagram/stories: @zhansaya_abdumalik

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше