Желіде қазақстандық видеограф, режиссер Қыран Талапбектің үйлену тойынан кадрлар пайда болды. Қазнет қолданушылары жастарды өмірдегі басты оқиғамен құттықтады.
Музыкант Қабдол Тілеков Instagram-дағы Stories-те Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаштың құрметіне өткен салтанаттан кадрлар көрсетті. Музыкант олардың аккаунттарын белгілеп, жастарға бақыт тіледі.
Кейінірек Қыранның өзі өзінің Instagram-да үйлену тойының кадрларын көрсетті. «Негізі ол ылғи жанымда болатын, сіздер байқамағансыздарғой», — деді Қыран.



Қыран мен Гүлзада да әлеуметтік желіде өз бақыттарын тапқандары туралы қысқаша жазылған бейнеролик жариялады. Жазылушылар ерлі-зайыптыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Фото: Instagram