Қыран Талапбек екінші рет үйленді

от aigerakain
Опубликовано: 17 июля 2023, 13:15
Instagram: kyran_talapbek

Желіде қазақстандық видеограф, режиссер Қыран Талапбектің үйлену тойынан кадрлар пайда болды. Қазнет қолданушылары жастарды өмірдегі басты оқиғамен құттықтады.

Музыкант Қабдол Тілеков Instagram-дағы Stories-те Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаштың құрметіне өткен салтанаттан кадрлар көрсетті. Музыкант олардың аккаунттарын белгілеп, жастарға бақыт тіледі.

Кейінірек Қыранның өзі өзінің Instagram-да үйлену тойының кадрларын көрсетті. «Негізі ол ылғи жанымда болатын, сіздер байқамағансыздарғой», — деді Қыран.

Қыран мен Гүлзада да әлеуметтік желіде өз бақыттарын тапқандары туралы қысқаша жазылған бейнеролик жариялады. Жазылушылар ерлі-зайыптыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше