Құрбың сен сәтсіздікке ұшырағаныңды қалайтынының 5 белгісі

Біз өзімізді қолдай алатын, жігерлендіретін және өмірге аздап позитив әкелетін адамдардың жанымызда болғанын қалаймыз.

АА
Арайлым Ақан
16 января 2025

Құрбың сен сәтсіздікке ұшырағаныңды қалайтынының 5 белгісі
Pexels: Ninari
Құрбың сен сәтсіздікке ұшырағаныңды қалайтынының 5 белгісі

Pexels: Ninari

Біз өзімізді қолдай алатын, жігерлендіретін және өмірге аздап позитив әкелетін адамдардың жанымызда болғанын қалаймыз.

Кенеттен сен құрбым деп жүрген адамның саған мүлде басқаша көзқарасын байқауың мүмкін. Сеніп жүрген досың сені жасырын түрде қызғанып, сәтсіздікке ұшырағаныңды армандаса, бұл ұят. Мұндай адамдарды кейбір әрекеттерінен байқауға болады.

1.    Ол сені үнемі күмәндандырады 

Сен досыңның кездейсоқ сенің жетістіктеріңді елемейтінін немесе сені төмендететінін байқай аласың. Құрбыңның сөзінен кейін өз мүмкіндіктерің мен шешімдеріңе күмәндана бастағанда, бәрін түсінесің. Ол «Бұл жақсы идея деп ойлайсың ба?» немесе «Сен бұған шынымен дайынсың ба?» деген әңгімелерді жиі айтуы мүмкін.

2.    Ол сенің сәтсіздіктеріңе қуанады

Сен сәтсіздікке ұшыраған уақытта біреу қуанса қызғаныштың немесе көңілсіздіктің бір бөлігін сезіну табиғи нәрсе.

Бірақ, құрбың сенің сәтсіздікке ұшырағаныңды қаласа, ол сәл білдірмеуге тырысқанымен көңілдене бастауы мүмкін. Сенің істерің сен қалағандай болмаған кезде оның ерекше бақытты болып көрінетінін байқай аласың.

3.    Ол тым көп ақыл айтады

Сен оны сұрамасаң да, құрбыңның әрқашан өз пікірін айтуға дайын екенін байқай аласың. Ол қалай әрекет ету және қандай шешім қабылдау керектігін үнемі айтып отырады.

Әрине, кеңестер өте пайдалы болуы мүмкін, бірақ олардың артық болуы сенің өз таңдауың мен қабілеттеріңе деген сенімділігіңді бұзуы мүмкін. Бұл сенің құрбың оның үлесінсіз жетістікке жете алмайды деп сенетіні туралы нәзік хабарлама.

4.    Ол әрқашан салыстырадыСалыстыру адами қарым-қатынастың табиғи бөлігі болуы мүмкін, бірақ егер ол тұрақты болса, бұл күрделі мәселенің белгісі.

Егер сен досыңның өз өмірін сенікімен үнемі салыстыратынын байқасаң, бұл оның сенің сәтсіздікке ұшырағаныңды қалайтынының белгісі болуы мүмкін.

5.    Ол қиын уақытта жаныңнан табылмайды

Шешуші сәтке келгенде және саған қолдау қажет болғанда, нағыз жақын адам жаныңнан табылады.

Егер құрбың әрдайым жоғалып, алыстап кетсе, бұл ойланарлық нәрсе. Мүмкін ол сен сәтсіздікке ұшырайсың деп үміттенуі мүмкін — содан кейін ол ешнәрсе болмағандай пайда болады және қажеті жоқ кеңестер береді.


Фото: Pexels

Дереккөз: HEROINE

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше