«Қазір бәрі басқаша»: Мақпал Исабекова арманы жайлы айтты

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова қызы Илаяның кімге ұқсағанын айтып, арман-мақсаттары жайлы да сөз қозғады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 10 сентября 2025, 10:37
Мақпал Исабекова
Instagram: @makosyai

Әнші Instagram-дағы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Одан бойы мен салмағын сұрағанда, Мақпал жасырмай нақты айтты: бойы – 158 см, салмағы – 56 кг. Сондай-ақ, екі баланың анасы тұрмыстық өмірі жайлы ойымен бөлісті.

Өте көңілді. Қолымнан келіп жатқан сияқты»,

– деді ол.
«Қазір бәрі басқаша»: Мақпал Исабекова арманы жайлы айтты
Instagram: @makosyai

Әншіден қызының кімге ұқсайтынын да сұрады.

«Маған ұқсайды, тек көздері – әкесінікі»,

– деп атап өтті Исабекова.

Өзінің көздері туралы да ашық айтты: ол блефаропластика жасамағанын, бірақ бұл жайында ойланып жүргенін жеткізді.

Әнші рухани «рәсімдер» жайында да бөлісіп, өзінің жан дүниесін қалай толтыратынын айтты.

«Жалғыз өзіммен. Өзімді өзім толықтыра аламын, дәл солай эмоциялық тұрғыда төменге де түсіре аламын. Бәрі – біздің ойымызда және таңдаған жолымызда»,

– деді ол.
«Қазір бәрі басқаша»: Мақпал Исабекова арманы жайлы айтты
Instagram: @makosyai

Мақпал Исабекова арманымен де бөлісті.

«Көбірек саяхат жасауға мүмкіндігім болса деймін, осы нәрсе қатты жетіспейді. Қазір бәрі басқаша: бұрынғыдай бірден жиналып, жолға шыға алмайсың, ана болған соң бәрі өзгереді»,

– деді әнші.
«Қазір бәрі басқаша»: Мақпал Исабекова арманы жайлы айтты
Instagram: @makosyai

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше