Әнші Instagram-дағы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Одан бойы мен салмағын сұрағанда, Мақпал жасырмай нақты айтты: бойы – 158 см, салмағы – 56 кг. Сондай-ақ, екі баланың анасы тұрмыстық өмірі жайлы ойымен бөлісті.
Өте көңілді. Қолымнан келіп жатқан сияқты»,
– деді ол.
Әншіден қызының кімге ұқсайтынын да сұрады.
«Маған ұқсайды, тек көздері – әкесінікі»,
– деп атап өтті Исабекова.
Өзінің көздері туралы да ашық айтты: ол блефаропластика жасамағанын, бірақ бұл жайында ойланып жүргенін жеткізді.
Әнші рухани «рәсімдер» жайында да бөлісіп, өзінің жан дүниесін қалай толтыратынын айтты.
«Жалғыз өзіммен. Өзімді өзім толықтыра аламын, дәл солай эмоциялық тұрғыда төменге де түсіре аламын. Бәрі – біздің ойымызда және таңдаған жолымызда»,
– деді ол.
Мақпал Исабекова арманымен де бөлісті.
«Көбірек саяхат жасауға мүмкіндігім болса деймін, осы нәрсе қатты жетіспейді. Қазір бәрі басқаша: бұрынғыдай бірден жиналып, жолға шыға алмайсың, ана болған соң бәрі өзгереді»,
– деді әнші.
Фото: Instagram