
Хейли Бибер отбасында ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тері күтімі бойынша ең жақсы кеңестермен бөлісті.
Хейли Бибердің тері күтімі бренді бар екенін білеміз — Rhode. Анасы мен әжесі оған күтім жасауды үйретті, сондықтан модель оларға маңызды кеңестері үшін жиі алғыс айтады. Көп ұзамай Хейли де ана болады және баласына күннен қалай қорғану керектігін немесе крем жағуды көрсетеді. Өткен аналар күнінде Бибер өз жанкүйерлерімен отбасында ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан ең жақсы тері күтімі жайлы кеңестерімен бөлісті.
Бірінші және ең бастысы — ылғалдандыру. Бұл күтімге арналған ылғалдандырғыштарды, кептіргіш косметиканың жоқтығын және көп су ішуді білдіреді.

Қорғау да өте маңызды, сондықтан күн сайын санскрин туралы ұмытпа (тіпті сыртта күн жоқ болса да). Күннің әсерінен тері ерте қартаяды!

Дене күтімін ұмытпа — күн сайын лосьон жақ. Қолдар мен аяқтарыңды да ылғалдандыр!

Ұйықтар алдында әрқашан макияжды жуып таста. Егер сен бұл туралы ұмытып кетсең, төсек үстеліне бояуды өшіретін майлық қой.
Фото: Instagram/ Gold Apple