Жахан Отарғалиевке белсіздік диагнозы қойылды

A
aigerakain
28 мая 2024

Жахан Отарғалиев
Instagram: zhahan_utargaliyev

Қазақстандық продюсер, актер және шоумен Жахан Отарғалиев журналист Зарина Муслимге берген сұхбатында күйзеліске ұшыратқан диагнозы жайлы ашық айтты.

Жахан Отарғалиевке белсіздік диагнозы қойылды — оның айтуынша, бұл өмірдегі ең қиын нәрсе. Актер оны тек басынан өткергендер ғана түсінетінін атап өтті. 

«Маған диагноз қойылды. «Жахан, сен физикалық тұрғыдан балалы бола алмайсың», — деді. Бұл нәрсе маған қатты ауыр тиді және оны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр болды. Мен мұны бұрын сезетінмін. Бірақ, менің бетіме ешкім айтпаған. Маған бетіме айтқан кезде, еш нәрсе қызық емес болып қалды. Менде әрқашан үміт болды және әлі де бар»,

деп бөлісті шоумен.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше