ШҚО-да ең үлкен табиғи мұз айдыны ашылды

Қазақстанның шығысында қысқы туризм белсенді дамып келеді. Енді аймақта ең үлкен табиғи мұз айдыны пайда болды. Ұлан ауданындағы Сібір көлдерінде алғаш рет сырғанау маусымы ашылды.

АА
Арайлым Ақан
27 января 2025

ШҚО мұз айдыны ашылды
Pexels: Efrem Efre
ШҚО-да ең үлкен табиғи мұз айдыны ашылды

Pexels: Efrem Efre

Сібір көлдері – Алтай тауларындағы су айдындарының тізбегі. Онда жыл сайын мыңдаған туристер келеді. Бірақ, жазда ғана демалатын орын болып келді. Ал, биылдан бастап өңірде қысқы бағыт іске қосылды.

Бес су айдынының үшіншісі – Шалқар көлінде, мұнда бір ғана муниципалдық жағажай орналасқан, маусым ресми түрде ашылды. Мұзда тек әуесқойлар ғана емес, кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар да сырғанап жүр.

София Мұхамедқайырова – 17 жаста. Ол 11 жыл мәнерлеп сырғанаумен айналысады, жақын арада спорт шебері атағын қорғайды. Ел чемпионатының қола жүлдегері алғаш рет табиғи мұзға шыққанын айтты.

«Бұл мұз өте атмосфералық, әдемі, тегіс. Тауда серуендеген өте жағымды, табиғат та әдемі. Маған ұнайды!»,

деп бөлісті мәнерлеп сырғанаушы.

Мұз айдыны ересектерге де, балаларға да ұнады. Оны Байкалмен салыстратындары бекер емес. Және бұл қонақтарға ұсынылатын жалғыз демалыс түрі емес. Сібір көлдеріне қыста келсең, шаңғы теуіп, тамақтанып, тіпті киіз үйлерге кіріп демала аласың.


Фото: Pexels

Дереккөз: NewTimes.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше