
Қазақстандық актриса және кинопродюсер Құралай Анарбекова гимнастика және балетпен айналысатынын көрсетті.
Құралай би залында жаттығуы қалай өтетінін көрсетті.
«Ескі хоббиді жаңарту. Гимнастика немесе балет сияқты ескі хоббиді қайта бастау шабыт пен қуаныштың нағыз көзі болуы мүмкін»,
деп жазды Құралай.
Актриса кәсіби деңгейде емес, жан дүниесі үшін балет және гимнастикамен айналысатынын атап өтті.
Жанкүйерлер көргендеріне бірден пікір қалдырды.
«Уау! Қара сізге жарасады», «Талантты адам деп осыны айт», «Балерина болған сізге жарасады екен! Керемет қызсыз!», «Өте әдемісіз», «Сізден күткен жоқпын», «Табиғи сұлулық», – деп жазды Instagram қолданушылары.
Фото: Instagram