Қазақстандық блогер және бет әрлеуші Нучи деген атпен танымал Нұрлан Әлімходжаев, әлеуметтік желіде пластикалық операциядан кейін өзін қалай сезінетінін айтты.
Естеріңе сала кетейік, өткен күзде Нучи бет әлпетіне өзгеріс жасады. Оқырмандары блогерден қазір өзін қалай сезінетіні туралы сұрады.
«Нұрлан, операциядан кейін сіздің иегіңіз қалай? Барлығы жоспарлағандай ма? Қалпыңызға қалай келгеніңіз туралы айтып беріңізші», – деген сұрақ қойылды.
«Бәрі керемет, тьфу-тьфу. Мен ештеңе айтпаймын, өйткені көзден қорқамын. Ісіну кетіп жатыр, ай сайын жаңа бет. Көзім тояр емес. Адамдар менің жаңа жүзімді мойындай бастады. Жасағаныма өте қуаныштымын»,
деп жазды ол.

Операциядан кейін Нучиге хейт көп келді — кейбіреулер оны келбетін бекер «бұзғанын»айтты. Алайда, блогер сынға сабырлы қарайды.
«Сіз банға қандай себеппен жібересіз?» – деп сұрады оқырманы.
«Менде қара тізім жоқ. Мен туралы жағымсыз нәрселерді оқығанда, адамның өзі туралы не ойлайтынын көремін. Көңілді және қызықты. Өзіңді осындай ләззаттан не себепті айыру керек?»
деп мойындады.