Егер сен өзіңнің өміріңді ұйқыға арналған киімсіз елестете алмасаң, онда OnePoll агенттігі жүргізген сауалнама сенің ойыңды өзгертуі мүмкін. Сарапшылар 2000 американдықтардан сұхбат алып, оларды екі топқа бөлді: киіммен ұйықтайтындар және жалаңаш ұйықтағысы келетіндер.
Киімсіз ұйықтайтын респонденттердің 70%-ы жыныстық өмірге қанағаттанатындары туралы айтқан (киіммен ұйықтайтындарға қарағанда). Сарапшылар мұны киімсіз ұйықтайтын адамдардың өзіне сенімді екендігімен байланыстырады. Екінші маңызды фактор — олар түнде ыстықтап оянбайды. «Терең ұйқы біздің әл-ауқатымыз үшін өте маңызды. Киіммен де, киімсіз де ұйықтап көр және ұйқыңды ұзартатын нұсқаны таңда», – Avocado Green Mattress брендінің редакциялық саясат және тұрақтылық жөніндегі аға директоры Джон Дэвис.
Бір қызығы, қатысушылардан неге жалаңаш ұйықтауға шешім қабылдағандарын сұрағанда, ешкім жайлы ұйқының себебін атаған жоқ. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі мұны экологиялық себептермен жасайтындықтарын айтты. Мысалы, ұйқы кезінде бөлмені салқын ұстау үшін кондиционерді аз қосу мақсатында.
Сондықтан қазір бізде киімсіз ұйықтауға көптеген себептер бар! Әсіресе, бұл жазға қарағанда қыста жақсы.
Фото: Unsplash