Нұртас Адамбай Назарбаевтан, Путиннен және Лукашенкодан кешірім сұрады

A
aigerakain
18 июля 2024

Нұртас Адамбай
Instagram: nurtasadambay

Қазақстандық танымал актер және кинопродюсер Нұртас Адамбай инста парақшасында бірнеше жазба жариялап, елді таң қалдырды. Ол желіде бірқатар саяси тұлғалардан кешірім сұраған.

Нұртас Адамбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Белорусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.

Қазақстандық кинопродюсер осы аталған тұлғалардың барлығын кезінде желіде айыптағанын мойындап, сынағаны үшін өкінетінін жазды. Нұртас саясаткерлерден кешірім сұрап, оларға ел үшін жасап келе жатқан қызметіне алғысын айтты.

Әзілкеш желі қолданушыларынан да кешірім сұрады. 

«Мен желіде сөз таластырып, санасып, сынап, жамандық тілеген желі қолданушылардан да кешірім сұраймын. Осы өмірде кіммен арада келіспеушілік болса, солардың барлығынан кешірім сұраймын. Сіздерді сынап, сіздерге қатысты жағымсыз ойларым болғаны үшін кешіріңіздерші. Бұның барлығы ақымақтықпен істелді»,

деп жазды Адамбай.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше