Махаббат жағымды сезім екеніне бәрі келісетініне сенімдіміз.
Бірақ, біз оның ағзаға және физикалық пайдасы туралы сирек ойлаймыз. Daily Mail командасы адам денсаулығына арналған ғылыми дәлелденген бес мәліметтерді жинады:
Ұйқынының жақсаруы
Кейбір ұйқы сарапшылары жұбыңмен бірге демалу жеткілікті ұйықтауға кедергі келтіреді десе де, Германиядағы Киль Кристиан-Альбрехт университетінің ғалымдары басқаша дәлелдеді. Төрт түн ішінде олар бірге және бөлек ұйықтау кезінде жас жұптардың ми белсенділігін талдады. Бірге демалу ұйқының терең фазасын арттырады және оны сапалы етеді.
Шаш өсуі жеделдейді
2023 жылы Scientific Reports журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар өткен жылдардағы эксперименттердің нәтижелерін талдады. Олар окситоцин — махаббат гормоны, дермистің жоғарғы бөлігіндегі жасушалардың өсуіне ықпал етеді, осылайша шаш фолликулаларының жұмысын жеңілдетеді.
Ішек денсаулығы жақсарады
Британдық Колумбия университетінің ғалымдары жалғызбасты адамдар мен қарым-қатынастағы адамдардың ішек микробтарының әртүрлілігін талдады. Тәжірибе көрсеткендей, ғашық жандарда ішек микробиомалары әртүрлі, бұл асқазан-ішек жолдарының денсаулығына оң әсер етеді.

Қабынудың алдын алу
2023 жылы Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары 100 адамнан жұптарымен бос уақытты қалай өткізетіні туралы сауалнама толтыруды сұрады. Содан кейін олар қабынудан қорғауға жауап беретін С-реактивті ақуыздың (CRP) деңгейін талдады. Қатысушылар сүйіктісімен неғұрлым көп уақыт өткізсе, келесі күні CRP деңгейі соғұрлым төмен болды. Тиісінше, созылмалы қабыну, қатерлі ісік, қант диабеті және жүрек аурулары қаупі төмендеді.
Ауырсыну азаяды
Австриядағы денсаулық ғылымдары университетінің зерттеушілері 48 жұптың жалғыз болған кезде және бөлмеде сүйікті адамы болған кезде ауырсынуға төзімділігін тексерді. Ерлер де, әйелдер де жұбы жанында болғанда ауырсынуды сезінбейтіндіктерін анықтады.
Фото: Unsplash