Мақпал Исабекова болашақ сәбиінің есімі жайлы айтты

A
aigerakain
06 мая 2024

Мақпал Исабекова болашақ сәбиінің есімі жайлы айтты
Instagram: makosyai

Екінші баласына жүкті Мақпал Исабекова Instagram-да «сұрақ-жауап» айдарын өткізіп, болашақ сәбидің атын ойлап тапқанын айтты.

Жанкүйерлері әншіден ұлы Теодордың отбасындағы өзгерістерге қандай реакция көрсеткенін сұрады. 

«Теодор әлі түсінген де жоқ қой деймін. Бірақ арасында жаныма келіп, сүйіп қояды ішімді, сезетіндей»,

деп бөлісті Исабекова. 

Мақпалдың балаларына шетелдік есімдер қою дәстүрі жалғасатын сияқты.  Бұл жолы да болашақ баланың есімі туралы тағы бір сұраққа жауап берді. 

«Мен есімді ойлап таптым, ол қазақша емес. Еврей тілінен шыққан, бірақ исламда да, христиандықтарда да бар сияқты. Библиялық кейіпкердің атынан алынған»,

деді әнші.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше