Мәдина Сәдуақасова харассмент жайлы айтты

A
aigerakain
25 апреля 2024

Мәдина Сәдуақасова харассмент жайлы айтты
Instagram: sadvakasovamadina

Әншінің харассмент туралы бейнеролигі желіде талқыланды.

Қазақстандық орындаушы Мәдина Сәдуақасова боксшы Балауса Муздиманмен бірге жаңа әлеуметтік роликте харассменттің қалай болатынын көрсетті — видео белсенді түрде талқыланды.

Сюжетте Мадина құрбысымен адамдар отырған кафеде кездеседі. Көрші үстелде отырған ер адамдар онымен танымал әнші болғандықтан суретке түскісі келеді. Сәдуақасова ешнәрсеге күдіктенбей, күлімсіреп жауап берді, содан кейін жанкүйерлер әртіске әртүрлі жолмен тиісіп, жайына қалдырғылары келмеді. 

Айналада отырған адамдар әншінің дауысын естіп бұрыла бастады, бірақ ешкім, оның ішінде кафеде отырған жас жігіттер де көмектеспеді. Қазақстандық бокс жұлдызы Балауса Муздиман ғана ер адамдарға тойтарыс беруден қорықпады және олардың біреуін нокаутқа жіберді. 

 «Әйелдің мықтылығы әлсіздікте» дейсіздер ме?! Ал, бізді қатты қылатын кім? Әйел баласын тек әйел қорғайтын заман болмасыншы, тек!»

деді Мәдина Сәдуақасова. 

Орындаушының жанкүйерлері оның ойын қолдады. 

«Бір соққымен ұйықтаттың, жарайсың!», «Мен қызымды боксқа беремін», «Әлемнің барлық әйелдері бір-бірін қолдаса екен», – деп жазды оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше