Әлеуметтік желілердегі контентті Қазақстанда қазақ тіліне аудару міндеттелуі мүмкін.
Сенаторлар «онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заңды және онымен байланысты түзетулерді мақұлдады. Құжатта онлайн-платформаның меншік иесі интерфейсті пайдалануға, сондай-ақ пайдаланушы келісімімен, оның ішінде негізгі шарттарының қазақ тіліндегі қысқаша мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін нормалар көзделген.
Сондай-ақ, меншік иелері контентті қазақ тіліне автоматты түрде аудару мүмкіндігін жасауы тиіс.
Осыған дейін, Tik Tok ойын-сауық платформасының барлық функционалы мен бейне мазмұны мемлекеттік тілге аударылатыны белгілі болды.
Фото:
Ақпарат көзі: Arbat Media