Kalifarniya мансабындағы ең қымат бейнеклипті жарыққа шығарады

A
aigerakain
22 августа 2024

Kalifarniya
Instagram: kalifarniya

Kalifarniya деген атпен танымал қазақстандық орындаушы Фархат Қалиев жаңа ән мен бейнеклиптің тұсауын кесті. Әртіс оны жаңа музыкалық жұмысқа не шабыттандырғанын айтты.

Әншінің Instagram-дағы парақшасында жұма күні жарыққа шығатын жаңа бейнеклиптің түсірілім алаңындағы фотосуреттер жарияланды. Қалиевтің айтуынша, музыкалық туынды оның мансабындағы ең қаржылық шығын көп әкелген бейнебаянға айналды. 

«Бір жыл бойы отбасылық құндылықты зерттей келе, — «Aiyp etpe» деген ән шықты. Не үшін айып етпе екенін 23.08.2024 барлық ресми желілерден тыңдай аласыздар. Және YouTube желісінде бейнебаянды тамашалай аласыздар. Жұмыстарымның ішіндегі ең көп қаражат бөлінген бейнебаян»,

деді Kalifarniya инста парақшасында. 

«Жаңа деңгей?», «Бұл мүлдем басқа деңгей, балақай», «Жаңа стиль, жаңа деңгей, жаңа Фара», «Сізді қолдауға дайынбыз», «Біз шедевр күтеміз», – деп жазды жанкүйерлер.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше