Соңғы кезде әншілігін қолға алмай, өнерден алыстап кеткен Кәмшат Жолдыбаева өзін басқа қырынан танытуда. Кезінде сахнаның гүліне айналған әнші қазір басқа мамандықты меңгерген. Ол қыз-келіншектерге дәріс оқып, кеңесін беріп жүр.
Шығармашылықтан үзіліс алған Кәмшат Жолдыбаева бүгінде немен айналысып жүргенін Instagram парақшасында көрсетті. Өнер иесі қыз-келіншектерге семинар өткізіп, осы уақытқа дейін алған білімін өзге әйелдермен бөлісуге тырысуда.
«Аллаһтың қалауымен , Астанада ең алғашқы семинар, рухани кездесуім өтті. Осы күнге дейінгі керемет ұстаздарымнан алған біліммен бөлісу , сұрақтарға жауап беру, өзекті мәселелерді талқылау сияқты еркін атмосферада өткен әдемі кездесу болды. Астана аруларының ықыласы ауа райының суықтығын білдірмеуде. Бұл қадам қызметімді одан әрі жалғастыруыма ниеттендірді»,
деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің жаңа бастамасын қызу талқылады. Кейбіреулер Кәмшаттың сахнаға оралуын сұрап, оның киноларын асыға күтіп жүргенін жазды. «Әншілігі дұрыс еді. Сахнаны өртейтін едіңіз. Біз сағынып қалдық», «Сахнаға болмаса да, кино әлеміне оралсаңызшы», «Сіз түсетін туындыларды асыға күтеміз», «Әнші Кәмшат көбірек ұнайды», – деп жазуда оқырмандар.
Фото: Instagram