
Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Тележүргізуші Динара Сатжанға берген сұхбатында ол карантин кезінде жеке үй сатып алу мәселесімен айналысқанын айтты.
«Дилярамен аса қатты дос болған жоқпыз. Бірақ, ол өзі мені тартатын. Туған күндеріне, үйіне шақыратын. Ол менің үйіне кіргенімді қалайтын, өзінің заттарын бергісі келіп тұратын, бірақ менің жаным ондайды жақсы көрмейді. Біреудің маған зат бергенін, біреудің шекарасынан өткенді мен жақсы көре бермеймін. Керісінше, ол «бос болсаң үйге жеткізіп салшы, үйге кіре салшы» деп айтатын. Иә, бір рет кіргенім бар, анасымен амандасып шығайын деп, үлкен кісі ғой деп. Аса бір екеуміз керемет болып жүрген құрбылар емеспіз. Бірақ, өтірік емес, іші-бауырыма кіріп алғаны. Оның бір сондай дарыны бар ма білмеймін»,
деді Жұлдыз.
Жұлдыз Әбдікәрімова Дилярадан тағы бірнеше адам зардап шеккенін атап өтті. Актрисадан басқа тағы 5 адам жәбірленуші болып отыр. Оларлың үшеуінің жағдайы Жұлдыздікіне ұқсас, қалған екеуінде ақша мәселесі.
Сонымен қатар, ол бұл мәселе туралы күйеуі Қайрат Нұртаспен ақылдасқанын айтты.
«Карантиннен кейін балалар біздің әлі кішкентай еді. Есік алдына шыққысы келеді. Үйде қамалып отырып қалды. Дастархан басында балалар жер үй болғаны жақсы, кіріп-шыққанға ыңғайлы екенін айтады ғой. Негізі ақылдастық, заң бойынша жарың келісімін беруі керек. Беталды барып, өзім таңдап, өзім аламын деген жоқпын ғой, ақылдастық. Ығайлы ма, ыңғайлы емес па. Біз оны есептедік, әуежайға жақын, бізге ыңғайлы болды»
деді актриса.
Ол келісімшарт жасалмағандықтан, Қайрат күдіктенді деп қосты.
«Бұл туралы Қайрат білді, көрді, ұнатты ол жерді. Ол да күдіктене бастады. Бұл жерде бір таза емес нәрсе бар деген ой болды. Оның интуициясы жетілген. 2022 жылдың аяғында айтты. Біз енді әйел адамдар эмоционалды болғандықтан, «қойшы» дедім. Кейін анализ жасасам, айналамдағы құрбыларым да айтқан екен. Мен соқыр, керең болыппын»,
деп бөлісті Жұлдыз Әбдікәрімова.
Фото: Instagram
Дереккөз: «Dinara Satzhan» YouTube арнасы