Комплимент алу үшін қандай шаш пен макияж жасау керек.
Ханде — сәнді киімдерді жақсы көретін адам. Спорт залында да қыз нәзік және талғампаз көрінеді. Кешкі кедесулер жайлы айтпай-ақ қояйық! Хакан Сабанджиге қызғанышпен қарау ғана қалады. Бұл жолы актриса талғампаз көйлек, кофе реңктеріндегі макияж және жеңіл голливуд шаш үлгісін таңдады. Біз образды қалай қайталау керектігін және қалай жарқыраған сәнді таңдау қажет екенін көрсетеміз.
Дәл осындай макияж жасау үшін саған бірнеше өнім қажет. Бастапқыда шекараларды ақырын бояй отырып, қабаққа қоңыр бояу жақ. Қара гельді қарындашпен жоғарғы және төменгі қабаққа сызықша сал. Кірпіктеріңді бояп немесе көріністі толықтыру үшін жасанды кірпік жабыстыр.

Ерінге өтеміз: нюд қарындашпен контур сыз, шекарадан сәл шық. Енді ерін далабы, сәл жеңіл реңк, барлық еріндерді толтырып, үстіне мөлдір жылтыр жақ.
Шаш үлгісі үшін шашты қиғаш бөлікке бөл. Бұйралағышты пайдаланып, Голливуд толқындарын жаса және шашты түзету үшін бұйраларды мұқият тара.

Термо-қорғаныс пен бекіту құралдарын қолдануды ұмытпа. Содан кейін, алдыңғы шаштарды ал, лакты сеп, артқа тара және сызықты сақтай отырып, оларды кішкене жина. Резенкені жасыр, оның айналасына шашты ора. Болды, сен жүректерді жаулап алуға дайынсың.

Фото: Instagram