Динара Сатжан Тина Канделакидің провокациялық постына жауап берді

от aigerakain
Опубликовано: 17 января 2024, 12:15
Instagram: dinarasatzhan

Белгілі қазақстандық журналист, тележүргізуші және блогер Динара Сатжан ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің постына жауап берді.

Тина Канделаки өзінің Telegram арнасында 16 қаңтарда Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Канделаки «Уральск» атауының — «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім деп ойлайды.

Бұған қазақстандық журналист Динара Сатжан жауап берді:

«Қымбатты, Тина! Біріншіден, біз тәуелсіз егемен мемлекетпіз. Орыстардың жақсы мақалы бар ғой: «Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың»! Қай теміржол станциямызды қалай атайтынымызды өзіміз шешейік.

Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді.

Үшіншіден, орыс тілі біздің елімізде ұлтаралық қарым – қатынастың ресми тілі, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады.

Бұл біздің Конституцияның 7-бабында бекітілген. Теміржол вокзалдары, өздеріңіз жазғандай, өзгертілген жоқ, бірақ бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары. Орыстың ығысуының бұған қандай қатысы бар? Ал, бізде тек мемлекеттік тіл ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Біздің күшіміз осыда!»

деп жауап берді Динара.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше