
Белгілі тележүргізуші Динара Сатжан жыл сайынғы «Бизнестегі әйелдер» форумында сөз сөйледі.
Динараға мынадай сұрақ қойылды: егер сіз қазір 20 жастағы студент болсаңыз, өзіңізге не айтар едіңіз?
«Мен одан да батыл бол дер едім! Бір телеарнада жұмыс істеген кезімде басшының орынбасарларының бірімен күрделі қарым-қатынаста болғаным есімде. Ол үнемі кедергі келтіретін. Мен мұның бәрінен жалығып кетіп, оның кабинетіне келдім. Есікті артымнан жаптым. Үстелге отырып, былай дедім: «Мен тек сізге ұнамайтындықтан бұл телеарнадан, эфирден кетпеймін және жобаны жаппаймын. Өзім қалаған кезде кетемін. Сондықтан мұның бәрі пайдасыз». Жалпы, осы әңгімеден кейін біз ол кісімен дос болып кеттік»,
деп жауап берді Динара.
Ол, сондай-ақ, жиналғандардың барлығына сізді ұнатпайтындарға мән бермеуге кеңес берді, өйткені бұл олардың проблемасы.
«Сізді сынаған, хейт айтқан, айыптаған, сіздің атыңызды қолданып контент жасаған адамнан сіз алдасыз. Ноунеймдерге тиіспейді. Менің жастарға бір айтарым — бекем болыңдар! Өз идеяларыңды өмірге әкеліңдер! Дәл қазір! Байқап көріңдер! Қорқыныштарыңды жеңіңдер! Бұл сендердің уақыттарың»,
деді Динара Сатжан.
Фото: Instagram