BTS-тегі RM өзінің балалық шағындағы қызықты ақпаратпен бөлісті

BTS-тегі Намджун әлеуметтік желіде әкесімен сүйкімді фотосурет жариялады және жүктілік кезінде анасына қаншалықты қиын болғанын білдірді. Туылғаннан бастап оның салмағы ауырлау болған.

АА
Арайлым Ақан
23 января 2025

Намджун BTS
Instagram: @rkive
BTS-тегі RM өзінің балалық шағындағы қызықты ақпаратпен бөлісті

Instagram: @rkive

BTS мемберлерінің бір бөлігі әлі де әскери қызметте. RM 10 маусымда оралады, бірақ қолы босағанда әлеуметтік желіге жаңа сурет жүктеуге, әртүрлі іс-шараларға уақыт табады.

Топтың мемберлері өздерінің өткен және жеке өмірлері туралы ақпараттармен жиі бөліспесе де, Намджун жақында балалық шағындағы бірнеше сурет жүктеді. Төменде көріп отырғандай, ол бала кезінен коала сияқты болған және әкесінің арқасына мініп жүрген.

BTS-тегі RM өзінің балалық шағындағы қызықты ақпаратпен бөлісті

Instagram: @rkive

«Намджунның әкесі 1998 жылы бүкіл k-pop индустриясын иығына көтеріп, ұлының болашақта ел мәдениетінің іргетасы болатынын әлі білмеген кездегі суреті», «Ол туғаннан бастап коала болған екен!» «Мен Намджунды анасының көшірмесі деп ойладым, бірақ әкесіне қаншалықты ұқсайтынын көруге болады»,

деп жазды желі қолданушылары.

Нетизендердің назарын жаңа туған Намджунның салмағы жазылған қағаз аударды — 4,47 келі. 

BTS-тегі RM өзінің балалық шағындағы қызықты ақпаратпен бөлісті

Instagram: @rkive

Бұл ақпарат барлығын таң қалдырды және анасына жаны ашығандар да болды:

  • «Мә, салмағы үлкен бала болыпты. Байқұс, анасы...»;
  • «Салмағы бойынша бұл премиум жеткізу болды. Оны бізге аман-есен әкелгеніңіз үшін рахмет»;
  • «Анасына шынымен осындай ауыртпалықты көтергені үшін рахмет!»,
  • «Біз оның анасына гүл жіберіп, оған барлығы үшін алғыс айтуымыз керек».

Фото: Instagram

Дереккөз: TheGirl

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше