Баян Алагөзова Алматыда ауқымды шоу жасады

от aigerakain
Опубликовано: 07 марта 2024, 11:08
Instagram: bayanmaxatkyzy

Шығармашылық кеште продюсердің жетекшілігімен жұмыс істеген әртістер өнер көрсетті.

5 наурызда Алматыда белгілі продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған «Queen» шоу-мюзиклі өтті. Оған көптеген қазақстандық әртістер қатысты.

Шоу-мюзикл Баян Мақсатқызының өмірінің түрлі кезеңдерін қамтыды. 90-шы жылдардан бастап «Махаббат станциясы» фильмінің түсірілімі, продюсердің телевизиялық дәуірі, «КешYou» тобының құрылу тарихы, алғашқы фильмдері, «Қазақ аруы» байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен танысуы және «Бақыт» фильмі жайлы қойылымдар көрсетілді.

Сонымен қатар, шоу-мюзиклде бір кездері «КешYou» тобында болған барлық арулардың әндері шырқалды. Жеке қойылыммен Кәмшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова және Жанар Дұғалова өнер көрсетті. Сондай-ақ, сахнаға Ерке Есмахан мен Бағым Мақсатқызы шықты. Кеш барысында марқұм композитор Арман Дүйсеновты еске алды.

@zhanar_dugalova1 Баян шоу Queen #рек #fypシ #баянмақсатқызы #баяналагузова #шоу #еңбексіңіргенқайраткері ♬ оригинальный звук - Жанар Дугалова

Шоу-мюзиклдің финалында Баян сахнаға ерекше образбен шығып, көрермендерді таң қалдырды. Ол көпшіліктің алдына күміс жылтыр қысқа көйлекпен басына тәж киіп ән айтып, би биледі.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше