
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан командалық әлем чемпионатында күміс медаль иегерлері атанды.
Финалда қазақстандықтар Грузиялық қарсыластарынан жеңіліп қалды: бірінші финалдық матчта 1,5–2,5, ал екіншісінде — 0,5–3,5.
Қазақстан құрамасынан Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова қатысты.
Қоланы АҚШ құрамасын басып озған Франция командасы иеленді.
Фото: Unsplash