Қазақстандық ару шахматтан әлем чемпионы атанды

A
aigerakain
29 ноября 2024

Аланна Берікқызы әлем чемпионы

Instagram: @drs_kz

Италияның Монтесильвано қаласында өткен шахматтан (U8-U12) әлем чемпионаты аяқталды. Аланна Берікқызы 10 жасқа дейінгі санаттағы турнир чемпионы атанды, 11-ден 9,5 ұпай жинады. Тағы бір медаль — 12 жасқа дейінгі санаттағы күміс жүлдені Ханзада Аманжол жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясы Аланна Берікқызы өткен жылы Грецияда өткен тоғыз жасқа дейінгі санатта классикалық шахматтан әлем чемпионатын жеңіп алғанын хабарлады. Енді жас қазақстандықтың есебінде — екі әлемдік жүлде.

Жалпы, командалық есепте Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс жүлденің арқасында 1-орынға ие болды. Қытай шахматшылары екінші (2 алтын, 1 қола) сатыға тұрақтаса, үздік үштікті Үндістан 1 алтын, 1 қола медальмен түйіндеді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше