Аустралиялық турист Алматы тауларында жоғалып кетті

от aigerakain
Опубликовано: 23 мая 2023, 12:06
Unsplash: Artyom Kanshin

Алматы тауларында Аустралия азаматы жоғалып кетті.

Еріктілер Аустралия азаматы Нerd Jake Michael-ді іздеу туралы хабарлады. 21 мамырда ол Қазыбек би көшесі, 66 мекенжайындағы «727» жатақханасынан Үлкен Алматы көліне (ҮАК) көтерілу үшін шығып кеткен.

Оның Instagram парақшасында көл фонында түскен суреті бар. Содан бері оны ешкім көрген жоқ. Жоғалған адамды соңғы рет досы 20 мамыр, сенбі күні кешке жатақханада көрді. 22 мамырда олар Аустралияға ұшуы керек еді. 

Іздеуге еріктілер, «Лидер» қозғалысы, полиция, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған.

Шетелдік азаматты көрген-білгендер болса, 8 701 357 92 91 нөміріне хабарласа алады немесе полицияға қоңырау шала алады.


Фото: Unsplash

Ақпарат көзі: Tengri Travel

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше