Аружан Жазылбекова өзінің өлімі жайлы ақпаратқа пікір білдірді

A
aigerakain
08 февраля 2024

Аружан Жазылбекова
Instagram: arujazz

Отандық танымал актриса Аружан Жазылбекова желіде өзінің өлімі жайлы тарап кеткен ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ару туған күні қарсаңында осындай жайттардың орын алып жатқанына таң қалды.

Белгісіз жандар Instagram желісінде Аружан Жазылбекова өмірден өтті деген жалған ақпарат таратқан. «40 жастағы актриса аяқ асты өмірден өтті», – делінген жаңалықта. Актриса өзі үшін алаңдаған оқырмандарымен бірден байланысқа шығып, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

Instagram Stories: arujazz

«Жарнама мен ұтыс тігу еді. Енді өлімім жайлы жазып бастапты. Сөзім жоқ. Мұндай жағдай өмірімде алғаш рет болып тұр. 38 жасымның алдында бұл тіптен керемет жаңалық болып тұр ғой»,

деп әзілмен жауап берді ол.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше