Сахнада Amre деген атпен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев үйлену туралы ойлап жүргенін айтты. Орындаушы «1001 түн» бағдарламасының эфирінде шығармашылық және жеке өмірі туралы айтып берді
«Мен қазір 29 жастамын, осы уақыт ішінде тек жұмыс істедім, өзіме мақсат қойдым және бір шеңберге жүрдім. Мен, тіпті, жеке өмір туралы ойлаған жоқпын, мұны 29 жасымда түсіндім.
Тіпті, қызбен басынан аяғына дейін дұрыстап жүрмеппін де. Бірақ, мен әке, сүйікті жар болғым келеді. Менің ата-анам мен үшін үлгі, олар бір-біріне адал болды, мені бауырымды сүйіспеншілік пен қамқорлықта өсірді. Сондықтан менде керемет отбасылық институт бар.
Мен отбасын қалаймын. Отбасымен барлығын қатар алып жүрген достарым бар, мен бәрін бір-бірімен таныстырдым, бірақ өзім таныспаппын. Менің ойымша, әр нәрсенің өз уақыты бар. Мен өте жауапты адаммын. Бір жерде менің аққуым бар деп үміттенемін»,
деді Ернар.
Ол өзінің таңдаған адамы өнермен байланысты болмайтынын мәлімдеді.
«Мен әйеліме: «Үйде отыр, ыдыс-аяқ жу, үй шаруасымен айналыс» деп айтқым келмейді. Бірақ, менің ойымша, үйде бір шығармашылық адам жеткілікті. Мен әрқашан гастрольде боламын.
Сондықтан әйелімнің балалармен, ата-анаммен бірге болғанын қалаймын. Бұл өте маңызды, егер ол өнер адамы болса, мен оны үйде қалай ұстаймын. Бұл дұрыс болмайды. Біра, менде қатып қалған үлгі жоқ»,
деп жауап берді әнші.
Фото: Instagram