Актриса құрсағындағы сәбиінің жынысын білгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Альмира гендерлік мерекелерге қатысты өз ойын да жасырмады.
««Гендер парти қазақтардың мерекесы емес» - деп, фото сала салайыншы. Құдай бұйырса, қыз күтудеміз», –
деп жазды ол.
Айта кету керек, бұған дейін Баян Мақсатқызы Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның әдемі жұн екенін айтқан болатын.
«Ақан мен Альмира жас жұбайлардай әсер қалдырады. Өте жарасымды, бір-біріне деген махаббаты анық байқалады», –
деп пікір білдірді продюсер.
Фото: Instagram