Алматы облысындағы перзентханада медбике өлтірілді. Күдікті Қарасай ауданында ұсталды.
7 тамызда сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының тесілген-кесілген жаралары бар 45 жастағы әйел келіп, кейін қайтыс болды. Зардап шеккен адам перзентхананың медбикесі болып шықты.
«Бұл факт аудандық полицияның ЕҚДБ-да ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркелген. Қошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын 42 жастағы күдікті ұсталды.
Тергеуде мән-жайын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сот медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,
деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Қылмыс жәбірленушінің жұмыс орнында жасалған. Әйел реанимацияда қайтыс болды. Ұсталған адамның айтуынша, ол медбикеге жеке қарым-қатынасы үшін шабуыл жасаған. Қылмыс оның кәсіби қызметімен байланысты емес.
ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: Unsplash