Қайрат Нұртас ісіне қатысты сот шешімін өзгертуге тырысты 

A
aigerakain
10 июля 2024

Қайрат Нұртас
Instagram: kair_n

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды. 

Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот әншінің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтаған еді. 

«Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін себеп анықталмағандықтан, апелляцияның 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалған»,

деп жазылған сот мәліметінде.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше