2023 жылғы 2 шілдеде сағат 11:00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді деген хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асырылатын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу бет алды.
«Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектардықұрайды, елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ»,
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту талап етілмейді.
Абай облысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ірі өрт 2023 жылғы 8 маусымда орын алды. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртенді. 14 адам қаза тапты. Өртті бір аптадан кейін – 14 маусымда ғана оқшаулай алды.
Ірі өртті тергеумен Бас прокуратура айналысады. «Семей-орман» резерваты мен Новошульба филиалының басшылығы күдікті деп танылды. 2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған («екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»).
Фото: Unsplash