Танымал әзілкеш Жахан Утарғалиев сырқаттанып, Түркия еліне ем алуға аттанды.
Өзінің қазіргі жағдайы жайлы ол Instagram желісінде бөлісті.
«Көптен бері денсаулықпен сыналып жүрмін. Соңғы айда тағы денсаулығыммен проблемалар басталды. Қазақстан да Қытай да емін таба алмай жатыр. Біреулер үшін оңай көрінгенімен, менің мазамды алып жіберді. Видеоларда барынша көрсетпей жүруге тырыстым. Аурудың қай түрі болса да жаман ғой. Қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтатып тастадым. Себебі қазіргі уақытта денсаулық маңыздырақ. Достар ауырмаңыздар. Дәл осы ауруымның емін іздеп Стамбулға бара жатырмын»,
деп жазды әзілкеш.
Фото: Instagram