Иә, енді әлеуметтік желілерде мұңды немесе бақытты жазбалар азаятын шығар. Сен ерлі-зайыптылар деп санайтын көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы «тыныш айырылысқан» болуы мүмкін.
Көптеген жұптар бәріне айтып айырылысуға дағдыланған. Келесі күні бұл туралы достары біледі, содан кейін ата-аналары, ал үшінші күні әлеуметтік желіге салады. Психологтар Nylon-ға берген сұхбатында бұл үрдіс жойылып, оның орнына «тыныш айырылысу» деп аталатын нәрсе келеді дейді. Ол не? Сенің айырылысқаның туралы кейде ең жақын адамдардан басқа ешкім білмейді. Сен жұп болуды тоқтатқаныңды жарнамаламайсың, кейде, тіпті, қарым-қатынасты жалғасып жатқандай көрсетесің.
Психотерапевт Рик Миллер The Cut басылымына берген сұхбатында тыныш ажырасудың өсуі бүгінгі әлеуметтік желілердегі әрбір жеке сәтті бөлісуге деген жігерге тікелей наразылық болуы мүмкін дейді. Сонымен қатар, адамдар осы арқылы тайм-аут алады.
Мысалы, қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Ясмина Ститу жігітімен қарым-қатынасы тоқтағанын достары мен жақындарына жарты жылдан кейін айтқан. «Осы уақыт ішінде мен психологқа бардым, демалдым, жаңа пәтерге көшіп кеттім, кейінірек жақындарыммен, достарыммен және көпшілік алдында айырылысу туралы сөйлесуге дайын екенімді сездім», — дейді ол.
Клиникалық психолог Клаудия Дицтің айтуынша, тыныш айырылысудың тағы екі түрі бар. «Біріншісі — жұптар ұзақ жылдар бойы бір-бірінен алыстап, бірақ бұл туралы, тіпті, сөйлеспей тыныш ажырасып, енді ешқашан араласпаса», — дейді Клаудия Диц. Екінші түрі — айырылыспай айырылысу: «Адамар интимді тұрғыдан енді бір-біріне сәйкес келмейтінін түсінеді, бірақ достық және басқа байланыстарын сақтағысы келеді, сондықтан ажыраспайды және некеде болуын жалғастырады».
Мұндай айырылысу түрлері адамдарға ыңғайлы болғанымен, екі серіктесте де психологиялық проблемалардың даму қаупін тудыруы мүмкін. Егер сен сипатталған мысалдардан қарым-қатынас түрін білсең, Клаудия маманға жазылуға кеңес береді.
Фото: Unsplash