Дауыс биіктігі адамның әлеуметтік жағдайына қалай әсер етеді?
Жауабын Пенсильвания университетінің ғалымдары тапты, деп жазады NY Post. Ол үшін зерттеушілер тобы екі жазбаны таңдады: бір еркек және бір әйел дауысы. Олар әрқайсысы төменнен жоғарыға дейін алты дыбыстық нұсқаға ие болатындай етіп өңделді, бірақ респонденттер бұл туралы білмеді.
22 елден келген 3000-нан астам зерттеуге қатысушылар ұсынылған нұсқаларды тыңдап, қай дауыс ең тартымды, қорқынышты және беделді естіледі деген сұраққа жауап берді. Нәтижелер көрсеткендей, әйелдер мен еркек қатысушылар мәдени айырмашылықтарға қарамастан, ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа келгенде төмен дауысты ұнатады.
Керісінше, дауысы жоғары әйелдер қысқа мерзімді қарым-қатынас үшін тартымды деп бағаланды. Дауыс биіктігін жаттығу арқылы реттеуге болатынын ескер — мүмкін дауыс сенің құпия қаруыңа айналатын шығар?
Фото: Unsplash