«Тату отбасы»: Мақпал Исабекова өзінің ең үлкен арманы айтты

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова Instagram желісінде «Сұрақ-жауап» айдарын өткізді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 19 декабря 2025, 13:35
Мақпал Исабекова
Instagram: @makosyai

Онда өнер иесінің жанкүйерлері оның тамақтану тәртібі, алдағы музыкалық жоспарлары мен армандары жайлы сұрақтар қойған.

Мақпал қойылған сұрақтарға барынша ашық жауап беруді жөн көрді.

Белгілі болғандай, әншінің ең үлкен армандарының қатарында – әлемде бейбітшіліктің орнауы, жақсылап ұйықтап демалу және McDonald’s желісіндегі танымал бургерден дәм тату бар.

Сонымен қатар Мақпал Исабекова жақсы моншаға барып, жаңа iPhone иеленуді де қалайды.

«Тауларға бару (мүмкіндігінше түнеп қайту), Мальдив аралдары туралы армандаймын, үлкен әрі тату отбасы болса деймін (балаларымның бауырлары – аға-інілері мен әпке-сіңлілері болғанын қалаймын), қалың әрі сау шаш, гауһар тастармен көмкерілген алтын білезік, киноға бару (онда бір жылдай болмадым)», –

деп бөлісті Мақпал Исабекова.

Сөз соңында әнші ең бастысы – барлық адамдардың бақытты болып, бір-бірін жақсы көргенін қалайтынын атап өтті.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше