Салтанат Серкебаева тұрмысқа шықты

от aigerakain
Опубликовано: 20 февраля 2024, 14:46
Instagram: serkebayeva_online

Салтанат Серкебаева Семей қаласының келіні атанды. Әлеуметтік желіде «Түнгі студия» жүргізушісінің үйлену тойынан видео тарап кетті. 

Актрисаның қуанышына көптеген шоу-бизнес өкілдері келген. Той тізгіні белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейде болса, беташарды Қабдол Тілеков жүргізді. Сонымен қатар, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков пен Қайрат Нұртас тойдың сәнін келтірді. 

Арапбаеваның Instagram парақшасындағы жазбаға сәйкес, Серкебаеваның тойы 17 ақпан күні өткен. Оған қоса әнші көпшілікке актрисаның күйеуінің есімін жария етті. Оның таңдауы Нұржан есімді жігітке түскен. «Семей 17.02.2024. Нұржан мен Салтанаттың тойы», – деп жазды әнші. Арудың өзі бұл жайлы бөлісуге асықпайды. 


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше