Күннің қаншалықты сәтті өтетіні оның қалай басталғанына байланысты.
Денсаулықты бақылайтын және салмақ тастағысы келетіндер үшін таңертеңгілік тәртіпке бірнеше ерекше әдеттер қосу керек.
Салмағыңды өлше
Артақ салмақтан арылып жатқаныңды бақылау үшін салмақтың қалай өзгеретініне назар аудару керек. Таңертең таразыға тұру жақсы: дәретханаға барғаннан кейін және таңғы асқа дейін. Бұл уақытта ең дұрыс нәтижелер көрсетіледі.
Егер сенде өз денеңді және салмағыңды қабылдауда қиындықтар туындаса, күнде емес, аптасына екі рет өлшен. Бұл өзгерістерді бақылау үшін жеткілікті, бірақ оларға тым көп көңіл бөлуден аулақ бол.
Бір стақан су іш
Оянғаннан кейін бірден денеге толыққанды жұмысты қалпына келтіруге және ас қорытуды ынталандыруға мүмкіндік беру керек. Бұған аш қарынға бір стақан су ішу көмектеседі.
Таза су метаболизмді жақсартады және организмнен жиналған токсиндерді кетіруге көмектеседі. Таңертең бір стақан су ішу әдеті де қанайналым жүйесін қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде жалпы әл-ауқат қана емес, сонымен қатар терінің жағдайы да жақсарады.
Таңғы ас алдында жаттығу жаса
Үстелге отырмас бұрын, жаттық. Аш қарынға жаттығу майды көбірек кетіруге және күні бойы артық тамақтанудан аулақ болуға көмектеседі. Ол, сондай-ақ, қуаныш гормондарының өндірісін ынталандырады және көңіл-күйді жақсартады.
Сонымен қатар, жаттығудан кейін сен душ қабылдағың келеді. Бұл жағымды процедура сенің белсенділігіңді арттырады, қуаттандырады және күні бойы өзіңді жайлы сезінуге көмектеседі.

Ақуызы жоғары таңғы ас іш
Ақуызды таңғы ас өз салмағын бақылайтын және бүкіл дененің денсаулығына қамқорлық жасайтындар үшін пайдалы болады. Банан, жұмыртқа, қайнатылған күркетауық, табиғи йогурт: ақуызға бай пайдалы және дәмді тағамдар жеткілікті. Сондықтан сен әртүрлі мәзірді оңай жасай аласың.
Егер сен тез көмірсуларға артықшылық берсең, қандағы қант деңгейі жоғарылайды. Осыған байланысты күні бойы шаршау сезімі сақталады және тәттіге деген құштарлық күшейеді.
Бір күндік мәзір жоспарын жаса
Осылайша сен сау тамақтануды бастай аласың және кешке не пісіру керектігі туралы алаңдамайсың. Дүкенге бару тым көп уақытты қажет етпейді және импульсивті сатып алу күрт азаяды.
Жақсы үйлесетін өнімдердің тізімін жаса. Таңдаған тағамдарың толыққанды және әртүрлі екеніне көз жеткіз. Тағамдар ақуызға, майларға және пайдалы көмірсуларға бай болуы керек. Осылайша дене жеткілікті дәрумендер мен қоректік заттарды алады.
Фото: Pexels